2025 жылғы 27 шілдеде Қостанай қаласының орталығындағы жағалауда белгісіз топ адамдар Ресейдің Әскери-теңіз флоты күнін атап өтті. Әлеуметтік желілерде жолақ жейде киген қатысушылардың видеолары кеңінен тарады.
Бұл ақпаратты Қостанай қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Олжас Дүйсеков растады. Оның айтуынша, аталған шараны өткізу бойынша қалалық әкімдікке ешқандай ресми өтініш түспеген және іс-шара жергілікті билікпен келісілмеген.
– «Мәдени іс-шараны өткізу туралы әкімдікке ресми арыз келіп түспеген. Ұйымдастырушылар тарапынан алдын ала келісім алынбаған», – деді Дүйсеков.
Шара ұйымдастырушыларына түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, олар әкімшілік жазаға тартылатын болады.
– «Іс-шара келісілмегендіктен, жауапты тұлғаларға қатысты әкімшілік шара қолданылады», – деп мәлімдеді ішкі саясат бөлімінің басшысы.
Дереккөз: ұлысмедиа
@shynar.kz4 2025 жылғы 27 шілдеде Қостанай қаласының орталығындағы жағалауда белгісіз топ адамдар Ресейдің Әскери-теңіз флоты күнін атап өтті. Әлеуметтік желілерде жолақ жейде киген қатысушылардың видеолары кеңінен тарады. Бұл ақпаратты Қостанай қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Олжас Дүйсеков растады. Оның айтуынша, аталған шараны өткізу бойынша қалалық әкімдікке ешқандай ресми өтініш түспеген және іс-шара жергілікті билікпен келісілмеген. – «Мәдени іс-шараны өткізу туралы әкімдікке ресми арыз келіп түспеген. Ұйымдастырушылар тарапынан алдын ала келісім алынбаған», – деді Дүйсеков. Шара ұйымдастырушыларына түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, олар әкімшілік жазаға тартылатын болады. – «Іс-шара келісілмегендіктен, жауапты тұлғаларға қатысты әкімшілік шара қолданылады», – деп мәлімдеді ішкі саясат бөлімінің басшысы. Дереккөз: ұлысмедиа
