«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратСот

Шерзат ісі: Ағасының өліміне қатысты тергеу тоқтатылды

Шерзат ісі: Ағасының өліміне қатысты тергеу тоқтатылды

Нұрқанат Ғайыпбаевтың өліміне қатысты тергеу тоқтатылды

Нұрқанат Ғайыпбаевтың өліміне байланысты қылмыстық іс тоқтатылды. Бұл туралы Шерзат Полаттың ісінде жәбірленуші тараптың қорғаушысы болған адвокат Мейірман Шекеев мәлімдеді.

— Нұрқанаттың ісі тоқтатылған. Алайда біз бұл істі болашақта қайта жандандыру үшін өтінішхат түсіреміз, — деп жазды ол.

Осы мәлімдемеге байланысты ақпарат агенттігі Алматы облыстық полиция департаментіне ресми сауал жолдады.

Іс аясындағы оқиғалар тізбегі:

2023 жылдың 4 қазанында орын алған төбелестен 16 жастағы Шерзат Полат қаза тапты.
Араға бір ай салып, 12 қазанда Шерзаттың отбасына тиесілі үй өртеніп кетті. Бұл факті бойынша Алматы облыстық Полиция департаменті «бөтеннің мүлкін қасақана жою» бабымен қылмыстық іс қозғады.
Сол жылдың желтоқсан айында Шерзат Полаттың ағасы Талғар маңында өлі күйінде табылды.

Шерзаттың өліміне байланысты қозғалған қылмыстық іс бойынша 9 адам 1,5 жылдан 23 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Солардың бірі — Думан Ысқақ — жазасын өтеп, бостандыққа шыққан.

Іс бойынша апелляциялық сот отырысы 2025 жылдың 18 тамызында, сағат 11:00-де Алматы облыстық сот ғимаратында өтеді.

Ұқсас жаңалықтар

Кентауда қоқыс жәшігінен нәресте табылды: полиция анасын іздестіріп жатыр

Бюджет қаржысын жымқыру ісі: Алматы облысында білім бөлімінің басшысы мен 7 бухгалтерге сот үкімі шықты

Redaktor Shyn-Ar

Жаңа шетелдік әуекомпаниясы Алматыға рейс ашады