«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратБілімҒылым

Мемлекеттік білім беру гранттары тағайындалды

2025–2026 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі Республикалық комиссия өз жұмысын аяқтады.
Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Министрдің айтуынша, комиссия құрамына ҚР Парламенті депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері, білім беру саласындағы кәсіподақтар, «Атамекен» ҰКП, жоғары оқу орындары қауымдастығы мен қоғамдық ұйымдардың мүшелері кірген. Комиссия отырыстарында талапкерлердің өтініштері қаралып, мемлекеттік гранттар қолданыстағы ережелерге сәйкес конкурс негізінде бөлінді.

«Сапалы және қажырлы қызметі үшін комиссия мүшелеріне шексіз алғысымды білдіремін!» – деп жазды министр.

Саясат Нұрбектің мәліметінше, биылғы конкурсқа шамамен 113 мың өтініш қабылданған. Талапкерлер арасында ең сұранысқа ие білім беру бағыттары ретінде «Педагогикалық ғылымдар», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары», сондай-ақ «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» салалары аталған.

Грант тағайындау конкурсының нәтижелері Ғылым және жоғары білім министрлігінің, сондай-ақ Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайттарында және әлеуметтік желілердегі парақшаларында жарияланады.

Жоғары оқу орындарына талапкерлерді қабылдау 2025 жылғы 25 тамызға дейін аяқталуы тиіс.

Ұқсас жаңалықтар

Әйелдердің зейнет жасы 2028 жылдан бастап өзгереді

Redaktor Shyn-Ar

Астана LRT-де тіл өзгерісі: Қазақ және ағылшын, орысша жазу болмайды

Redaktor Shyn-Ar

Депутаттардың тендерлерге қатысуына тыйым салу мәселесі қоғамда талқылануда