«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АймақтарАқпарат

Қатыгездікпен өлтірген: Ұлытау облысында пәтерден анасы мен қызының мәйіті табылды

Ұлытау облысында қайғылы оқиға орын алды: әйел мен оның кәмелетке толмаған қызы өз пәтерінен өлі күйінде табылды. Полицияның мәліметінше, 1966 жылы туған әйел жеті пышақ жарақатын алған. Ал марқұмның қызы – Астанадағы халықаралық колледждің 2-курс студенті – зорлық-зомбылық белгілерімен, мойнына сым оралған күйде табылған.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, жедел-іздестіру шаралары жүргізілді. Нәтижесінде күдікті ұсталып, жауап алу барысында өз кінәсін мойындаған. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

— Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Тергеу облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында, — деді Ұлытау облыстық ПД бастығының орынбасары Алмаз Саламатов.

Ұқсас жаңалықтар

Мұраға қалған зейнетақы жинағын қалай алуға болады? БЖЗҚ түсіндірді

Қайырымдылықты бизнеске айналдырған ерлі-зайыптылар: Баласының еміне деп ақша жинап, құмар ойын ойнаған

Redaktor Shyn-Ar

Тоқаев тағы бір заңға қол қойды