Тимур Сүлейменов Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы қызметіне қайта тағайындалды.
Тиісті Жарлыққа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 24 тамызда қол қойды.
Ақорданың Telegram арнасында жарияланған хабарламада: «Мемлекет басшысының Жарлығымен Тимур Мұратұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы лауазымына тағайындалды», – делінген.
Тимур Сүлейменов 2023 жылғы 4 қыркүйектен бері Қазақстан Ұлттық банкін басқарып келеді.
Мемлекет басшысының өзге де жарлықтарымен Ермек Сағымбаев ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, Дмитрий Малахов ҚР Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы, ал Артур Ластаев Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметіне қайта тағайындалды.
