«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратӘлеуметҚұқық

Өзгенің ЭЦҚ-сын пайдаланған қазақстандықтарға айыппұл салынады

2025 жылғы 13 наурыздан бастап Қазақстанда өзгенің электрондық цифрлық қолтаңбасын (ЭЦҚ) пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізілді. ЭЦҚ — қағаздағы қолтаңбаға тең, сондықтан оны рұқсатсыз қолдану — заң бұзушылық.

Айыппұл мөлшері:

  • Жеке тұлғаларға – 50 АЕК (2025 жылы 196 600 теңге);

  • Лауазымды тұлғаларға, шағын бизнес пен коммерциялық емес ұйымдарға – 100 АЕК (393 200 теңге);

  • Орта бизнеске – 150 АЕК (589 800 теңге);

  • Ірі бизнеске – 200 АЕК (786 400 теңге).

Цифрлық даму министрлігінің мәліметінше, ЭЦҚ-ны құжаттарға қол қою, авторизация, жеке деректерге қол жеткізу және басқа да электрондық әрекеттер үшін тек иесінің өзі ғана пайдалануы тиіс. Тіпті иесінің рұқсатымен де басқа адамға беру заңсыз.

2025 жылдан бері бұл талаптарды бұзғаны үшін:

  • 1 жеке тұлғаға әкімшілік іс қозғалған,

  • 5 лауазымды тұлға және 2 жеке тұлға жауапкершілікке тартылған.

Мақсат – алаяқтық жағдайларын азайту және цифрлық қауіпсіздікті арттыру.

Сонымен қатар, 2024 жылы ЭЦҚ туралы заңды бұзған 10 лауазымды тұлға да жауапқа тартылған.

ЭЦҚ алу тәртібі жеңілдеді
2025 жылғы 11 тамыздан бастап ЭЦҚ алу толықтай онлайн режимге көшірілді. Компьютері немесе интернеті жоқ азаматтар ХҚКО-ның өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында биометриялық сәйкестендіруден өте алады. ЭЦҚ-ны онлайн түрде, оператордың қатысуынсыз рәсімдеуге мүмкіндік бар.

Ұқсас жаңалықтар

Олеся Кексель азаптау ісі бойынша күдікті деп танылды

Жасанды интеллектті қолдану ережелері өзгерді: Жаңа заң нені міндеттейді?

Redaktor Shyn-Ar

ШҚО-да тағы екі аудан «өз уақыт белдеуіне» көшті