«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Басты ақпаратҚұқық

«Қазақтелекомға» қатысты тергеу басталды – Бәсекелестікті қорғау агенттігі

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «Қазақтелеком» АҚ-ға қатысты тергеп-тексеру жүргізіп жатқанын хабарлады. Бұл шешім байланыс операторының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзғаны жөніндегі белгілерге байланысты қабылданған.

Агенттік сымды интернет қызметтерінің тарифтеріне талдау жасап, «Қазақтелеком» тарапынан монополиялық жоғары баға қою белгілерін анықтаған. Мәселен, 2024 жылы интернетке қол жеткізу тарифтерінің жылдамдығы 100 Мбит/сек., 200 Мбит/сек. және 500 Мбит/сек. бағыттары бойынша бағалардың өсу қарқыны 20%-ға дейін жеткен.

Соның нәтижесінде аталған операторға қатысты заңнаманы бұзу дерегі бойынша тергеп-тексеру жүргізілуде.

Бұдан бөлек, агенттік ұялы байланыс қызметтерінің де тарифтерін талдаған. Оның қорытындысы бойынша да монополиялық жоғары баға қою белгілері байқалған. Қазіргі уақытта ұялы байланыс операторына қатысты тергеп-тексеру тағайындау мәселесі қаралуда.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жарналарын төлеу және қайтару ережелері жаңартылды

«Мен үшін бұл – үлкен сабақ»: Ресейлік блогер «Қазақстан» шоколадына қатысты сөзі үшін кешірім сұрады

Redaktor Shyn-Ar

Димаш Құдайберген БҰҰ-ның ізгілік елшісі болып тағайындалды