«Тәркіленген мүлік аукционға қойылып, сол қаражатпен Перизат Қайрат ісіндегі жәбірленушілердің шығындары өтеледі», – делінген ресми хабарламада.
Сот үкімі бойынша ұрланған ақшаға сатып алынған мүліктер тәркіленіп, мыналар аукционға қойылады:
-
Vela Village коттедждер қалашығындағы жеке тұрғын үй;
-
Akbulak Riviera, Sensata Plaza, Highvill Ishim Gold және «Көк Жайлау» тұрғын үй кешендеріндегі 4 пәтер, тұрақ орнымен бірге;
-
премиум санаттағы автокөліктер: Mercedes-Benz S450 (2024 жыл), Lexus LX 600 (2024 жыл), Mercedes-Benz EQE 500 4Matic (2023 жыл), Haval H6 GT (2024 жыл);
-
«Rebel Flowers» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталындағы 100% үлесі;
-
97 миллион теңгеден және 22 мың доллардан астам ақша.
Еске сала кетейік, 25 шілдеде судья Сабыржан Кәрімов Перизат Қайратты кінәлі деп танып, оны 10 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Оның анасы да қылмыстық жауапкершілікке тартылып, 7 жылға түрмеге жабылды. Сотталушылар жазаларын орташа қауіпсіздік деңгейіндегі мекемеде өтейді. Тергеу барысында 47 адам жәбірленуші ретінде танылған.
