Бас прокуратура Қазақстанда көлік жүргізушілеріне бағытталған жаңа интернет алаяқтықтың пайда болғанын ескертеді. Бұл – фишингтік шабуыл, ол арқылы банк картасының деректерін ұрлап, шотыңыздағы барлық қаражатты айырып алуға болады. Кей жағдайларда сілтемелер зиянды вирус таратып, құрылғыдан жеке мәліметтерді ұрлауға бағытталған болуы мүмкін.
Қазіргі уақытта мұндай шабуылдар Ресей мен АҚШ-та тіркелгенімен, Қазақстанда да осы алаяқтықтың таралу қаупі бар. Сондықтан құзырлы орган азаматтарды сақ болуға шақырады. Айыппұл туралы ресми хабарламалар тек 1414 қысқа нөмірінен келеді және төлем сілтемелерін қамтымайды. Айыппұлдар туралы толық ақпарат egov.kz порталы және банктердің мобильді қосымшалары арқылы беріледі. Егер 1414 нөмірінен төлем сілтемесі бар хабарлама алсаңыз, оған өтпеңіз, себебі бұл алаяқтық.
Сенімсіз сілтемелерге өтпеу және күмән тудыратын хаттардың тіркемелерін ашпау маңызды. Айыппұлдар туралы ақпаратты тек egov.kz, qamqor.gov.kz және банктердің ресми қосымшаларынан тексеріңіз. Егер сілтемеге өтіп, деректеріңізді енгізіп қойсаңыз, банк картасын дереу бұғаттап, полицияға және банкке 102 телефоны арқылы хабарласыңыз. Құрылғыда вирустың бар-жоғын антивирус арқылы тексеруді ұмытпаңыз.
Бас прокуратура азаматтарды алаяқтыққа қарсы сақ болуға және тек ресми ақпарат көздерінен қызмет алуға шақырады.
