«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратБасты ақпаратСаясат

Премьер-министр Бектенов Үкімет отырысынан аяқ асты шығып кетті

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысынан аяқ асты шығып кетті.

Үкімет отырысы сейсенбіде сағат 10.00-де басталды. Отырыстың басында Олжас Бектенов жаңа министр Жұлдыз Сүлейменованы таныстырды.

Үкімет басшысы жаңа министрді жариялаған кезде оның жұмыс телефонына біреу қоңырау шалған. Олжас Бектенов қоңырауға жауап беріп, отырыс залынан шығып кеткен. Десе де отырыс жалғасып, орнына премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр қалған. Ол денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованы трибунаға шақырды. Бүгін ол баяндама жасайды.

Олжас Бектенов отырыстың он екінші минутында қайта оралған.

Айта кетейік, мұндай жағдайлар сирек кездеседі. Әдетте премьер-министр отырысты басынан аяғына дейін өзі өткізеді.

Ұқсас жаңалықтар

Жұмыссыздарға әлеуметтік төлем көлемі артты: 308 мың азаматқа қолдау көрсетілді

12 мыңға жуық бала Ұлттық қордан түсетін ақшадан айырылған

«Тамаққа малдың тезегін қосып берген»: Қарағандыда асырап алған жетім балаларды қорлаған отбасы сотталып жатыр

Redaktor Shyn-Ar