«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратБілім

Мұғалімдер білім берумен емес, марапат жинаумен жарысып жүр – депутат

Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай атақ пен марапатты заңсыз тарату мәселесін көтеріп, Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға депутаттық сауал жолдады. Оның айтуынша, соңғы жылдары марапаттар саудаға айналып, атаққұмарлық қоғамда қауіпті құбылысқа ұласқан.

Депутат дерегінше, белгісіз қоғамдық ұйымдар «Қазақстанның құрметті азаматы», «Ұлт ұстазы», «Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері» секілді атақтарды 20–100 мың теңге аралығында сатып отыр. Кейбірі салтанатты рәсімдер ұйымдастырып, дайын «шоу-пакет» ұсынады.

Мақсат Толықбай ең алаңдатарлығы — бұл «марапат бизнесінің» мектептерге енуі екенін атап өтті. Мұғалімдердің кәсіби деңгейі білім сапасымен емес, медаль саны арқылы бағаланатын жағдай қалыптасып келеді.

Осыған байланысты депутат заңсыз марапат таратуды қатаң бақылауға алып, жауапкершілікті күшейтуді, сондай-ақ мемлекеттік және қоғамдық наградалардың бірыңғай тізілімін енгізуді ұсынды.

«Атақтың арзандауы заңның әлсіздігінен емес, оның орындалмауынан. Сатқызбау, сатып алмау және заң бұзғандарды жауапқа тарту керек», – деп түйіндеді депутат.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Қытайға 1,5 мың киік береді

Алматыда Қытай композиторы Си Синхайдың ескерткіші жаңғыртылады

Redaktor Shyn-Ar

Когда завершится строительство АЭС в Казахстане