«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратДін

Бас мүфти 2026 жылды «Ислам және адал қоғам» жылы деп жариялады

Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы дін қызметкерлеріне арналған дәстүрлі Бағдарлық баяндамасын жасап, 2026 жылды діни сала аясында «Ислам және адал қоғам» жылы деп жариялады.

Бас мүфти өз сөзінде ислам дінінің адамды тек Алла алдында ғана емес, қоғам алдында да жауапкершілікке тәрбиелейтінін атап өтті.

— Әрбір іс-әрекет үшін есеп берілетініне сену — адалдықтың ең жоғары көрінісі. Ақырет күніне иман келтіру адамды әділетсіздік пен қиянаттан сақтайды. Өйткені мұсылман баласы жасаған әрбір ісінің ескерусіз қалмайтынын жақсы біледі. Бүгінгі таңда адамзат алдында тұрған маңызды мәселелердің бірі — әділетсіздікпен күресу және адал қоғам қалыптастыру. Осы бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жүзеге асыру мақсатында 2026 жылды «Ислам және адал қоғам» жылы деп жариялау туралы шешім қабылдадым. Бұл — азаматтардың қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыруға бағытталған маңызды бастама, — деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Жиынға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қызметкерлері, өңірлердің бас имамдары, ҚМДБ Ақсақалдар, Ғұламалар, Сарапшылар кеңесі мен РАНТ мүшелері, зиялы қауым өкілдері, сондай-ақ діни оқу орындарының басшылары мен ұстаздары офлайн және онлайн форматта қатысты.

Айта кетейік, бұған дейін айлардың сұлтаны — қасиетті Рамазан айының басталу уақыты хабарланған болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда сиыр еті бойынша сенім телефоны ашылды

Redaktor Shyn-Ar

«Бір адам мойнына алмаса, бәрімізге қиын болады»: Абзал Шынасыл істі мойындау себебін түсіндірді

Қайырымдылықты бизнеске айналдырған ерлі-зайыптылар: Баласының еміне деп ақша жинап, құмар ойын ойнаған

Redaktor Shyn-Ar