«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Ақпаратэкономика

Министрлік интернет сапасының нашарлауына қатысты түсініктеме берді

Қазақстанда интернет сапасының төмендеуіне қатысты шағымдардан кейін Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі ресми мәлімдеме жасады. Ведомство қазақстандықтардың интернет жұмысының нашарлауына байланысты шағымдарына түсініктеме берді.

Министрліктің мәліметінше, интернет сапасының төмендеуіне қатысты қиындықтар жүйелі сипатта болмаған және тек жекелеген пайдаланушыларда ғана байқалған. Аталған кезеңде байланыс операторлары желілерінің жұмысында жаппай ақаулар тіркелмеген, ал телекоммуникациялық инфрақұрылым штаттық режимде жұмыс істеген.

«Жекелеген пайдаланушыларда интернетке қосылу кезінде орын алған қысқа мерзімді қиындықтар жүйелі сипатта болған жоқ. Байланыс операторларының желілерінде жаппай іркілістер тіркелмеді», – делінген министрлік хабарламасында.

Ведомство байланыс операторларының деректеріне сүйене отырып, жекелеген абоненттердің интернетке қосылуда уақытша қиындықтарға тап болуы бірнеше факторға байланысты екенін атап өтті. Атап айтқанда:

  • базалық станцияларға түсетін жүктеменің артуы немесе біркелкі болмауы;

  • радиожиілік ортасының ерекшеліктері мен құрылыс тығыздығы;

  • желіні бір мезгілде көптеген абоненттің пайдалануы;

  • желінің тұрақтылығы мен сапасын арттыруға бағытталған жоспарлы жаңғырту жұмыстары.

Министрлік мәліметінше, негізгі цифрлық мемлекеттік қызметтер мен ақпараттық жүйелердің жұмысы үздіксіз жалғасқан. Жалпы алғанда, ел бойынша интернетке қолжетімділік тұрақты түрде қамтамасыз етілген.

Ұқсас жаңалықтар

Түркия енді Орталық Азияны «Түркістан» деп атайды

Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары минусқа кетті: БЖЗҚ себептерін атады

Redaktor Shyn-Ar

Алматының Бостандық ауданында уақытша қозғалыс шектеледі