«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратӘлем

Молдова ТМД-дан біржола кетуге бет бұрды

Молдова Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығынан (ТМД) толық шығу жолындағы нақты қадамдарын бастады. Ел билігі ұйымнан шығуға байланысты барлық құқықтық рәсімдерді іске қосты.

Бұл жөнінде вице-премьер әрі Сыртқы істер министрі Михай Попшой «Молдова радиосына» берген сұхбатында мәлімдеді. Оның айтуынша, Кишинев ТМД Жарғысын, ұйымды құру туралы келісімді және оған қатысты барлық қосымша құжаттарды жою процесін қолға алған.

Министрдің сөзінше, аталған құжаттар ресми түрде күшін жойғаннан кейін, Молдова заң жүзінде ТМД мүшелігін тоқтатады. Сонымен қатар ол елдің іс жүзінде бұл ұйымның жұмысына қатысуды бұған дейін-ақ доғарғанын атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар

Референдум ашық әрі әділ өтті, ешқандай күмән жоқ – Тоқаев

Шымкент тұрғыны 120 тонналық вагонды сүйреп, рекорд орнатты

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 200 мың теңгеге көтеру туралы петиция жарияланды