«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратТіл

«Қазақ тілі – кедейлердің тілі» деген даулы жазбаға Самат Нұртазаның түсініктеме берді

Мәжіліс депутаты Самат Нұртаза әлеуметтік желіде қызу талқыланған даулы пікіріне байланысты түсініктеме беріп, қоғамнан ресми түрде кешірім сұрады. Ол желіде «Қазақ тілі – кедейлердің, тачка итерушілер мен официанттардың тілі. Кіжін сіңір! Ашулан кедей» деп жазба жариялаған болатын.

Оның айтуынша, көпшіліктің ашуын туғызған жазба 2019–2020 жылдары тіл мәселесіне қатысты жүріп жатқан қызу дискуссия кезінде жарияланған. Сол уақытта ол мемлекеттік қызметте болмаған және белсенді блогер ретінде пікірталастарға араласқан. Депутаттың сөзінше, жазбадағы ой әдейі кемсіту мақсатында емес, керісінше «кері мағынада», эмоцияға беріліп, ашынған күйде жазылған.

Самат Нұртаза бұл сөздер өзінің басынан өткен нақты жағдайларға негізделгенін айтып, ешқандай зымиян ой болмағанын жеткізді-міс. Егер пікірі біреудің ар-намысына тиген болса, кешірім сұрайтынын мәлімдеді. Оның сөзінше, баршаға ортақ мақсат – мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру.

Ұқсас жаңалықтар

Өзбекстанда кітап оқыған тұтқынның жаза мерзімі қысқаруы мүмкін

18 млрд тенге задолжали своим детям родители в Казахстане

Тоқаев: Қазақстан жаһандық қиындықтарға қарсы тұра білді

Redaktor Shyn-Ar