«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратЗаңСаясат

Ұлытау облысында құмар ойындарға қатысқан шенеуніктер қызметтен босатылды

Ұлытау облысында мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға қатысқаны анықталып, олар қызметтен босатылды.

Өңірде жүргізілген тексеру барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарының бұзылғаны белгілі болды. Қолданыстағы заңға сәйкес, мемлекеттік қызметшілерге құмар ойындарға қатысуға тыйым салынған.

Талдау нәтижесінде 36 мемлекеттік қызметші, оның ішінде 10 басшының букмекерлік кеңселерде бәс тіккені анықталған. Прокурорлық қадағалау актісін қарау қорытындысы бойынша аталған қызметкерлер жұмыстан шығарылды.

Ұқсас жаңалықтар

Жастардың шетелге кетуі: жеке жетістік пе, әлде ұлттық мәселе ме?

Алматы орталығына ескі көліктердің кіруіне шектеу енгізіледі: кімге қатысты, қандай шарттар бар?

Кәрім Мәсімовтің жағдайы қалыпты – Ішкі істер министрі