«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Басты ақпаратСаясат

Қазақстанда жаңа Конституцияны мектептер мен университеттерде оқыту ұсынылды

Үкімет басшысы Олжас Бектенов Қазақстанда Конституцияны мектептер мен жоғары оқу орындарында оқытуды ұсынды.

Үкімет отырысында премьер-министр жаңа Конституцияны түсіндіру жұмыстары туралы айтты. «Қазір Конституциядағы барлық жаңашылдықты түсіндіруге бағытталған жүйелі ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл іске сарапшылар мен қоғам қайраткерлері тартылған», – деді ол.

Бектенов Мәдениет және ақпарат министрлігіне осы бағыттағы жұмысты жалғастыруды тапсырды. Сондай-ақ Оқу-ағарту министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігіне халықтың құқықтық сауатын арттыруға арналған кешенді бағдарлама әзірлеу міндеттелді. Конституция нормаларын мектептер, колледждер мен университеттердің оқу бағдарламасына енгізу ұсынылды.

Еске салсақ, 15 наурызда Қазақстанда жаңа Конституцияны қабылдау жөнінде референдум өтті. Мемлекет басшысы да Оқушылар сарайындағы №51 референдум учаскесінде дауыс берді. Сонымен қатар, Конституция жобасын мақұлдау бойынша республикалық референдумның Exit poll қорытындысы жарияланды. Сауалнама нәтижесін Еуразиялық интеграция институты ұсынды.

Ұқсас жаңалықтар

Қанат Шарлапаев жаңа қызметке келді

Руслан Берденов жаңа қызметке тағайындалды

Қазақстан халқының саны 20,5 миллион адамнан асты