«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АймақтарАқпаратҚоғам

Алматы әуежайын су басты

Алматыда нөсер жаңбыр салдарынан халықаралық әуежай аумағын су басты. Әуежайдың баспасөз қызметінің мәліметінше, қатты жауын әсерінен Т1 және Т2 терминалдарының кейбір бөліктерінде шатырдан су аққан.

«Ақау 30 минут ішінде жедел түрде жойылды. Жағдай рейстердің орындалуына әсер еткен жоқ. Қазіргі уақытта әуежай қалыпты режимде жұмыс істеп тұр», – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта оқиғаның себептері анықталуда. Мұндай жағдайдың қайталанбауы үшін әуежай инфрақұрылымына қосымша тексеріс жүргізілуде.

Ұқсас жаңалықтар

Блогер мемлекет қаржысын жарнамаға жұмсаған

Қазақстан Иракқа ет экспорттауды бастады

Тоқаев жаңа Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысын тағайындады