«Шын-Ар» ақпараттық порталы
ӘлеуметБасты ақпарат

Алматыда Сайран жағалауынан қаңтар кезінде ұрланған қару-жарақ табылды

Алматыдағы Сайран көлі маңынан қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару табылды. Полиция қызметкерлері оны 27 сәуір күні «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында анықтаған. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, бұл қару жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қару-жарақ дүкенінен ұрланған.

ІІМ дерегіне сәйкес, жыл басынан бері 900-ден астам қару тәркіленген. Оның ішінде қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған 74 қару бар. Сонымен қатар, айналымнан төрт мыңнан астам оқ-дәрі алынған.

27–29 сәуір аралығында өткен жедел-алдын алу шаралары нәтижесінде 67 дана атыс қаруы мен түрлі калибрдегі 200-ден астам оқ-дәрі тәркіленді.

ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетовтың айтуынша, заңсыз сақталған қаруды ерікті түрде тапсыру азаматтарды қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатады. Осыған байланысты азаматтар заңсыз қаруды өткізіп, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге үлес қосуға шақырылды.

Ұқсас жаңалықтар

«55 мың теңге – бір айға емес, бір күнге де жетпейді!»:Қазақстанда миллион адам кедейлік шегінде өмір сүреді

Алматыдағы балалар үйі өз орнында қалатын болды – Тоқаев шешімі

Redaktor Shyn-Ar

Наурызда қазақстандықтарға қосымша демалыс күні беріледі