«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратТағайындау

Президенттің бұрынғы баспасөз хатшысы Руслан Желдібай жаңа қызметке тағайындалды

Руслан Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды. Бұған дейін ол Президенттің көмекшісі әрі баспасөз хатшысы қызметін атқарған.

Еске салайық, 2026 жылдың қаңтарында Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттің баспасөз хатшысы қызметінен Руслан Желдібайды босатып, оның орнына Айбек Смадияров тағайындаған болатын.

Руслан Желдібай 37 жаста, Жамбыл облысы тумасы. Еңбек жолын Қазақстан телеарнасы мен Алматы телеарнасы арналарында бастаған. Кейін мемлекеттік ақпараттық саясат саласында және Президент Әкімшілігінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарды.

2022 жылдан бері бірнеше мәрте Президенттің баспасөз хатшысы, сондай-ақ Президент көмекшісі және кеңесшісі қызметтерін атқарған.

Сонымен қатар, 2025 жылдан бастап Халықаралық дзюдо федерациясы комиссиясының директоры ретінде тіркелген. Ал 2026 жылы Конституциялық реформа жөніндегі комиссия құрамына енген.

Ұқсас жаңалықтар

Ескі көліктерді кәдеге жарату бағдарламасы: пункттер әлі ашылмаған

Роман Скляр президент әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды

Redaktor Shyn-Ar

Жұманғарин инвестиция азаюы туралы пікір білдірді