«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Басты ақпаратТіл

«Қазақша емес, орысша жауап бер» деп жанжал шығарған әйелге 20 АЕК айыппұл салынды

Әлеуметтік желілерде супермаркет қызметкерлерінен қазақша емес, орысша жауап беруді талап етіп, жанжал шығарған әйел әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиғаға қатысты тексеру жүргізіліп, бейнежазбадағы азаматшаның жеке басы анықталған. Жиналған әкімшілік іс материалдары сотқа жолданған.

Сот шешімімен әйелге 20 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде айыппұл салынды. 2026 жылғы есеп бойынша бұл 86 500 теңгені құрайды.

Полиция қоғамдық орындарда тәртіп сақтау әр азаматтың міндеті екенін еске салып, агрессия, әдепсіз мінез-құлық және қоғамда алауыздық тудыруы мүмкін әрекеттер заң аясында жауапкершілікке әкелетінін мәлімдеді.

Сондай-ақ құқық қорғау органдары азаматтарды құқыққа қайшы контентті таратудан бас тартуға шақырып, мұндай әрекеттер үшін де заңнамада жауапкершілік көзделгенін атап өтті.

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желілерде супермаркетте қызметкерлерден «Қазақша емес, орысша жауап бер» деп талап қойған әйелдің видеосы кеңінен тарап, қоғамда қызу талқыға түскен болатын.

Ұқсас жаңалықтар

«Өте діндар, тұйық болған»: Атыраудағы резонансты іс бойынша күйеу балаға күдік күшейді

Redaktor Shyn-Ar

«Уақытымды босқа жоғалтқым келмейді»: Трамп Путинмен кездесуге қатысты пікір білдірді

Кәрім Мәсімов жазасын қайда өтеп жатыр – ІІМ вице-министрі жауап берді

Redaktor Shyn-Ar