«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АймақтарАқпарат

Қытайлық компания Абай облысында алюминий зауыты мен жел электр станциясын салмақ

Қытайдың Inner Mongolia Wanjiang Invest компаниясы Абай облысында екі ірі инвестициялық жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

Жоба аясында жылына 300 мың тонна алюминий өнімін өндіретін зауыт және жалпы қуаты 1 гигаватт болатын жел электр станциялары салынады.

Сондай-ақ Қытайдың SuperX AI Technology Limited компаниясы Қазақстанда жасанды интеллектке арналған заманауи деректер орталықтарының кластерін құруға қызығушылық білдірді. Компания 2026–2029 жылдары кезең-кезеңімен қуаты 1 ГВт-қа дейін жететін AI Data Center жобасын іске асыруды көздеп отыр.

Еске салайық, бұған дейін Қытайдың ірі автоконцерндерінің бірі Қазақстанда автокөлік құрастыру өндірісін іске қосуды жоспарлап отырғаны хабарланған болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Тоқаев: «Тарихты білу – ұлт болашағына деген жауапкершілік»

ҚҚС шегі: үкімет жаңа шешімді жариялады

Redaktor Shyn-Ar

Алматы жұртшылығы Дулат Исабековті ақтық сапарға шығарып салды