«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратСпорт

Елена Рыбакина әлемдегі ең көп табыс тапқан теннисшілердің ондығына енді

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 2026 жылдың қорытындысы бойынша әлемдегі ең көп табыс тапқан теннисшілердің ТОП-10 тізіміне енді. Бір жыл ішінде қазақстандық теннисшінің жалпы табысы 16,3 миллион долларды құрап, ол рейтингте 10-орынға тұрақтады.

Рыбакинаның табысының басым бөлігі – 11,3 миллион доллар – халықаралық турнирлердегі жүлде қорларынан түскен. Ал қалған 5 миллион доллар демеушілік келісімшарттар мен жарнамалық серіктестіктер есебінен табылған.

Әлемдегі ең жоғары табыс тапқан теннисшілер рейтингінің көшін испаниялық Карлос Алькарас бастап тұр. Оның бір жылдағы табысы 62,9 миллион долларды құраған. Екінші орында 59 миллион доллар табыс тапқан италиялық Янник Синнер орналасса, үздік үштікті 40,3 миллион доллар көрсеткішімен америкалық Коко Гауфф түйіндеді.

Рейтингтің алғашқы ондығына Серена Уильямс, Арина Соболенко, Новак Джокович, Чжэн Циньвэнь, Ига Швёнтек және Александр Зверев те енді.

2026 жылғы ең көп табыс тапқан теннисшілердің рейтингі:

  • Карлос Алькарас (Испания) – 62,9 млн доллар;
  • Янник Синнер (Италия) – 59 млн доллар;
  • Коко Гауфф (АҚШ) – 40,3 млн доллар;
  • Серена Уильямс (АҚШ) – 40 млн доллар;
  • Арина Соболенко (Беларусь) – 35,9 млн доллар;
  • Новак Джокович (Сербия) – 25,6 млн доллар;
  • Чжэн Циньвэнь (Қытай) – 24,6 млн доллар;
  • Ига Швёнтек (Польша) – 22,8 млн доллар;
  • Александр Зверев (Германия) – 16,7 млн доллар;
  • Елена Рыбакина (Қазақстан) – 16,3 млн доллар.

Айта кетейік, 2026 жылғы маусым Елена Рыбакина үшін аса сәтті өтті. Қазақстандық теннисші Australian Open турнирінде топ жарып, мансабындағы екінші «Үлкен дулыға» титулын жеңіп алды. Бұған дейін ол 2025 жылдың соңында Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен WTA қорытынды турнирінде барлық бес кездесуінде жеңіске жетіп, 5,23 миллион доллар көлемінде сыйақы иеленген болатын.

Рыбакинаның соңғы жылдардағы тұрақты нәтижелері мен ірі жарыстардағы жеңістері оның тек әлемдік рейтингтегі орнын ғана емес, қаржылық көрсеткіштерін де айтарлықтай жақсартты. Бұл қазақстандық теннисшінің әлемдік спорттағы беделі мен коммерциялық тартымдылығының артып келе жатқанын көрсетеді.

Ұқсас жаңалықтар

Instagram, Facebook-те «декретке миллионмен» шығару жолын үйреткендер жазаланады

Redaktor Shyn-Ar

Более 4 тысяч казахстанцев находятся в ОАЭ и Катаре

Дамир Оразбаев

Жәнібек Әлімханұлы Әлем чемпионы атағынан айырылды

Redaktor Shyn-Ar