«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Ақпарат

Құрылтай сайлауына 34,3 млрд теңге бөлінеді

2026 жылғы 23 тамызда өтетін Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауын ұйымдастыруға Үкіметтің резервінен 34,3 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Михаил Бортник мәлімдеді.

Оның айтуынша, бұл шығын республикалық бюджетте алдын ала қарастырылмағандықтан, қаражат Үкімет резервінен бөлінген. Бюджет сайлау комиссияларының қажеттіліктері мен заңнама талаптарына сәйкес қалыптастырылған.

ОСК мәліметінше, кандидаттарды ұсыну 13 шілдеде аяқталды. Сайлауға жеті саяси партия қатысып, барлығы 546 кандидат ұсынды.

Комиссия отырысында сайлау жарнасын төлеу тәртібі де түсіндірілді. Бір кандидат үшін жарна көлемі – 15 ең төменгі жалақы немесе 1 млн 275 мың теңге. Бұған дейінгі Мәжіліс сайлауында жоғары дауыс жинаған партияларға жеңілдіктер қарастырылған.

Сонымен қатар ОСК мүгедектігі бар азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету шараларын таныстырды. Сайлау учаскелері Брайль қарпімен жасалған трафареттермен, аудионұсқаулықтармен жабдықталып, ымдау тілі аудармасы мен инватакси қызметі ұйымдастырылады.

Сондай-ақ ОСК қазіргі уақытта үш халықаралық ұйым мен төрт мемлекеттен 60 халықаралық байқаушыны аккредиттеу ұсынылғанын хабарлады. Аккредиттеу жұмыстары сайлау күніне дейін жалғасады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанның ұлттық нышандар тізімі бекітілді

ТҮРКІСТАНДЫҚ ТҮЛЕК ӘЛЕМНІҢ 80-НЕН АСТАМ УНИВЕРСИТЕТІНЕН ШАҚЫРТУ АЛДЫ

3625 құқықбұзушылық: Шымкентте жүргізушілер жаппай жауапқа тартылды