«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратЗаң

TikTok-та бейәдеп стрим өткізген блогерлер жауапқа тартылды

Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желілерде заң талаптарын бұзатын контент таратқан блогерлерге қатысты шара қабылданғанын мәлімдеді. Ведомствоның мәліметінше, қазіргі уақытта 9 әлеуметтік желі қолданушысы әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Министрліктің хабарлауынша, құқық бұзушылар лайк пен донат жинау мақсатында тікелей эфирде балағат сөздер айтып, қауіпті пранктер ұйымдастырған, әдепсіз әрекеттерге барып, қоғамдық тәртіпті бұзған.

Сот шешімімен олардың бір бөлігіне әкімшілік айыппұл салынса, енді біріне әкімшілік қамау жазасы тағайындалды.

ІІМ интернеттегі анонимділік жауапкершіліктен босатпайтынын еске салып, заң талаптары цифрлық кеңістікте де қатаң сақталатынын атап өтті. Сонымен қатар ведомство азаматтарды әлеуметтік желілерде заң талаптарын сақтауға және қоғамдық тәртіпке қайшы әрекеттерден бас тартуға шақырды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда банк картасын басқа біреуге бергендер сотталады

22 МЫҢНАН АСТАМ ТАЛАПКЕР АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІН ТАҢДАДЫ

Зеленский Ресеймен қарым-қатынасы нашарлаған Әзірбайжанға қолдау жасады