«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Басты ақпаратҚаржы

Қазақстан Қытай банкінен неге қарыз алды?

Қазақстан Қытай банкінен неге қарыз алды
Қытай банкі

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі Қытайдың Сауда-өнеркәсіп банкінен (ICBC) 400 миллион юань қарыз алды. Бұл туралы холдинг басшысы Рустам Қарағойшин айтты.

Кеше «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Қытайдың Сауда-өнеркәсіп банкінен алғаш рет юаньмен қарыз алғаны хабарланған. Енді Үкіметте өткен брифингте Рустам Қарағойшин оның сомасын нақтылады.

Бұл кеше болған өте маңызды оқиға және бұл тек қана басы. Қарыз көлемі – 400 миллион юань. Мұның маңыздылығы – біз алған юань құны өте жақсы, біздің инвестициялық жобаларға сәйкес құнын құрайды. Біз бұл қаражатты ақыр аяғында 7-8 пайыз юаньда 10-15 жылдық жобаларға жібереміз, − деп жауап берді басқарма төрағасы.

Оның айтуынша, бұл қарыз өсімдік шаруашылығына жұмсалды.

Айта кетерлігі, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі АҚ жалғыз акционері – ҚР Үкіметі.

Ұқсас жаңалықтар

Семейде соққыға жығылған баланың отбасына қазақстандықтар 24 млн теңге жинап берді

Redaktor Shyn-Ar

Шахтадағы апаттың себебі белгілі болды

Redaktor Shyn-Ar

Қазақстандықтар Magnum сауда үйіне «Байкот» жариялады

Пікір жазу