«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Басты ақпарат

Трамп: Путин мен Зеленский Украинадағы соғысты тоқтату үшін кездесуі керек

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путин мен Украина президенті Владимир Зеленский соғысты тоқтату мақсатында кездесіп, келіссөз жүргізуі қажет деп санайды. Оның пікірінше, екі тарап та келісімге келуге дайын, бірақ ортақ шешімге қалай қол жеткізу керегін нақты білмейді.

ТАСС агенттігінің мәліметінше, Трамп бұл туралы 12 қазанда Огайо штатына аттанар алдында Ақ үйдің Оңтүстік көгалында журналистерге берген сұхбатында мәлімдеді.

«Менің білуімше, Зеленский мен Путин осы мағынасыз соғысты тоқтату үшін кездесуі керек», – деді АҚШ президенті.

Трамптың айтуынша, Вашингтон Ресей мен Украина арасындағы келіссөздерге ықпал етіп, тараптардың ортақ мәмілеге келуіне көмектесуге дайын.

Сонымен қатар ол Путиннің келісім жасауға Зеленскийге қарағанда көбірек бейілді екенін атап өтті. Осы орайда АҚШ басшысы Украина президентін келіссөздерге басымдық беруге шақырды.

Трамп Украинадағы соғысты реттеу бастапқыда өзі ойлағандай оңай болмай шыққанын да мойындады. Оның сөзінше, қақтығысты тоқтату күткеннен әлдеқайда күрделі міндет болып отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Қорғаныс министрлігі 50 жасқа дейінгілерді әскерге шақыру туралы қауесетке жауап берді

Redaktor Shyn-Ar

Назарбаевтың Конституция қабылдау ісіндегі рөліне әділ баға берілуі тиіс – Тоқаев

Redaktor Shyn-Ar

Тоқаев Путинге жеделхат жолдады