«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратСаясат

Тоқаев 28 қазанда Қазақстан халқына Жолдау жариялайды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазанда түске дейін Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауын жариялайды. Бұл туралы Мемлекет басшысы өзінің X әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлімдеді.

«28 қазанда түске дейін жылдағы дәстүрге сай Қазақстан халқына Жолдауымды жариялаймын. Қазір осы маңызды құжаттың мәтінімен жұмыс істеп жатырмын», – деп жазды Президент.

Еске салайық, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев қазан айында Қазақстан халқына Жолдау жасайтынын хабарлаған болатын. Мемлекет басшысы бұл туралы Қырғызстанда өткен VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімінде айтқан еді.

Ұқсас жаңалықтар

Президенттің бұрынғы баспасөз хатшысы Руслан Желдібай жаңа қызметке тағайындалды

Президент Тоқаев оқу мәдениетін дамытуға арналған Жарлыққа қол қояды

Жамбыл облысында жер сілкінісі тіркелді