«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратӘлемСаясат

Пашинян Жапаровты Қазақстан президенті деп шатастырып, хаттама басшысын қызметінен босатты

Армения премьер-министрі Никол Пашинян Қырғызстан президенті Садыр Жапаровты Қазақстан басшысы деп қате таныстырды. Оқиға 17 қазанда Ереванда өткен COP17 конференциясы аясында болды.

«Ең алдымен, Қазақстан президенті Садыр Жапаровты Арменияға қайта келгенімен құттықтағым келеді», — деді Пашинян.

Армения үкіметінің басшысы қағазға жазылған мәтінді оқып, өз сөзінде Жапаровты бірнеше рет Қазақстан президенті ретінде атаған. Алайда ол қателігін бірден түзетпеген.

Журналистердің хабарлауынша, оқиғадан кейін Пашинян хаттамалық қызметтің басшысы Гагик Ваноянды қызметінен босатқан. Ваноян бұл лауазымды 2022 жылдың желтоқсанынан бері атқарып келген.

Айта кетейік, Никол Пашинян бұған дейін Қазақстанға, Астанаға сапары кезінде Instagram парақшасында қазақ әуенімен жүрек белгісін көрсетіп, көпшіліктің назарын аударған еді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Қытайға 1,5 мың киік береді

У казахстанца арестовали земли, торговый дом, сауну и машину на 200 млн тенге

Отбасы банкінде маңызды өзгеріс: 6 пайыздық мөлшерлеме енді болмайды