«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Басты ақпарат

САНАЛЫ ҰРПАҚ – ТҰҒЫРЛЫ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ

Бірлестіктің Алматы қалалық филиалының ұйымдастыруымен №39 кітапханада 25 қазан – Республика күні қарсаңында «Саналы ұрпақ – тұғырлы мемлекеттің тірегі» тақырыбындатағылымды кездесу өтті. Шараға тарихшы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Қазақстантарихы» кафедрасының аға оқытушысы НұрпейісТалдыбек Әліұлы, Қазақстан Республикасы ҚарулыКүштерінің ардагері, заң педагогикасыныңмагистрі, отставкадағы полковник ӘбдібековМұхамеджан Тоқтарұлы және ҚазақстанРеспубликасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекараакадемиясы кітапханасының меңгерушісі УрхияКасымова бастаған сарбаздар қатысты. Кездесуде модератор болған бірлестік өкілі Меруерт Мәулетқызы өткенді білу тек тарихи деректерді есте сақтау емес, бүгінгі тәуелсіздіктің қадірін түсініп, болашақ алдындағы жауапкершілікті сезіну екенін жеткізді. Кезекпен сөз алған қонақтар ел тарихы мен мемлекеттіліктің қалыптасуы туралы ой қозғады. Отанға адал қызмет етудің мәні мен әскери тәртіптің маңызына тоқтала келе сарбаздарға тәртіп пен табандылықтың, бірлік пен жауапкершіліктің әскери қызметте ғана емес, азаматтық өмірде де маңызды екенін түсіндірді.


П
атриотизмнің тек сөзбен емес, нақты іспен, адал еңбекпен және ел алдындағы міндетті абыроймен атқарумен өлшенетініне басымдық берілген кездесу жастардың бойындағы отансүйгіштік сезімін нығайтып, елге қызмет ету үлкен мәртебе әрі жауапкершілік екенін тағы бір мәрте айқындай түсті.

Ұқсас жаңалықтар

Бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов жаңа қызметке келді

Қазақстанда мәжіліс ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салатын заңды қабылдады

Шетел азаматтары үшін Қазақстанға кіру ақылы болады: Тоқаев заңға қол қойды