«Шын-Ар» ақпараттық порталы
ӘлемБасты ақпарат

Зеленский Украинадағы әскери жағдайды тағы 90 күнге ұзартты

Украинада әскери жағдай мен жалпы мобилизация мерзімі тағы 90 күнге ұзартылды

Украина президенті Владимир Зеленский елдегі әскери жағдай мен жалпы мобилизация мерзімін тағы 90 күнге ұзартуды көздейтін заң жобаларына қол қойды. Бұл туралы Жоғарғы Рада хабарлады.

Дүйсенбі күні Украина парламентінің депутаттары әскери жағдай мен жалпы мобилизация мерзімін тағы 90 күнге ұзарту туралы шешімді қолдады. Парламенттің ресми сайтындағы мәліметке сәйкес, қабылданған заң жобалары президенттің қол қоюынан кейін Жоғарғы Радаға қайтарылған.

Украинада әскери жағдай 2022 жылғы 24 ақпанда жарияланды. Ал келесі күні Владимир Зеленский жалпы мобилизация туралы жарлыққа қол қойды.

Әскери жағдайға байланысты 18 бен 60 жас аралығындағы ер азаматтардың елден шығуына шектеу қойылған. Сонымен қатар, мобилизация кезінде әскери қызметтен жалтарғандарға бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Ұқсас жаңалықтар

Зеленский Тоқаевқа телефон шалды

Алматы әуежайында кепілге алынған қызметкерді белгісіз ер адам құтқарып қалды

Айбар Олжай: «Magnum отандық өнімді ығыстырып, ресейлік тауарларды өткізуге бейіл»

Redaktor Shyn-Ar