«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратСаясат

Мәслихат сайлауына қатысатын кандидаттарға бөлінетін қаржы көлемі жарияланды

Орталық сайлау комиссиясы мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау науқанына республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат көлемін жариялады.

Комиссия қаулысына сәйкес, кандидаттардың сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарына, жария іс-шаралар өткізуге және көлік шығындарына жұмсалатын қаражаты мәслихат деңгейіне қарай белгіленген.

Астана, облыстар және республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттарының депутаттығына кандидаттарға:

  • Теледидар мен радио арқылы сайлауалды бағдарламаны таныстыруға, сондай-ақ мерзімді баспасөзде немесе желілік басылымдарда екі мақала жариялауға – 410 000 теңге;
  • Сайлауалды жария іс-шараларын өткізуге және үгіт материалдарын дайындауға – 180 000 теңге;
  • Көлік шығындарына – 110 000 теңге бөлінеді.

Қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттарға:

  • Сайлауалды бағдарламаны теледидар мен радио арқылы таныстыруға және баспасөзде немесе желілік басылымдарда екі мақала жариялауға – 400 000 теңге;
  • Сайлауалды жария іс-шараларын өткізуге және үгіт материалдарын шығаруға – 170 000 теңге;
  • Көлік шығындарына – 80 000 теңге қарастырылған.

Аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттарға:

  • Сайлауалды бағдарламаны теледидар мен радио арқылы таныстыруға және баспасөзде немесе желілік басылымдарда екі мақала жариялауға – 290 000 теңге;
  • Сайлауалды жария іс-шараларын өткізуге және үгіт материалдарын шығаруға – 130 000 теңге;
  • Көлік шығындарына – 80 000 теңге бөлінеді.

Айта кетейік, мәслихат депутаттарының сайлауы биыл 29 қарашада өтеді.

Ұқсас жаңалықтар

USAID және ЛГБТ ұйымдарына қарсы петиция жарияланды

Redaktor Shyn-Ar

Маңғыстауда алғаш рет мәйіттік донор тіркелді

Жаңа Конституция күшіне енді: Қандай өзгерістер енгізілді