«Шын-Ар» ақпараттық порталы
ӘлемБасты ақпаратСаясат

Тоқаев ҰҚШҰ саммитіне қатысу үшін Мәскеуге барды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысу үшін Мәскеуге барды. Мемлекет басшысын әуежайда Ресей үкіметінің ресми өкілдері қарсы алды.

11 қарашада өтетін саммит барысында ұйымға мүше мемлекеттердің басшылары қауіпсіздік мәселелерін, халықаралық ахуалды және өзара ынтымақтастықты дамыту жолдарын талқылайды.

Кремльдің хабарлауынша, кездесуде қатысушылар өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті бірлесіп қамтамасыз ету, мемлекеттер арасындағы әріптестікті нығайту мәселелерін қарастырады.

Саммит қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қою жоспарланған. Олардың қатарында Ресей тарапының бастамасымен әзірленген 2030 жылға дейінгі терроризмге қарсы күрес стратегиясы бар. Сонымен қатар мемлекет басшылары қорытынды декларация қабылдайды.

Жиынның күн тәртібіндегі тағы бір маңызды мәселе – ҰҚШҰ-ға төрағалық ету тәртібі. Қазіргі уақытта ұйымға Ресей төрағалық етеді. Ал 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап төрағалық міндеті Тәжікстанға беріледі.

Ұқсас жаңалықтар

Трамп Иранның бейбіт ұсынысын қабылдамады

Қарағандыда 2 сәбиін сатқан көпбалалы ана сотталды

Испания Аргентинаны қосымша уақытта жеңіп, әлем чемпионы атанды