«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратМәдениет

Қазақстанда жаңа мемлекеттік наградалар бекітілді: Тоқаев заңға қол қойды

Қазақстанда мемлекеттік наградалар мен құрметті атақтар жүйесіне өзгерістер енгізілді. Заңға сәйкес, «Алтын Қыран» ордені еліміздің ең жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі болып нақтыланды.

«Халық қаһарманы» атағы елдің бостандығы мен тәуелсіздігі жолында ерлік көрсеткен, Қазақстанға айрықша еңбек сіңірген азаматтарға беріледі. Оларға «Алтын жұлдыз» және «Отан» ордені табысталады.

Ордендер тізімі «Al-Farabi» және «Qoja Ahmet Yasaui» ордендерімен толықтырылды. Біріншісі білім, ғылым, мәдениет және рухани өмір саласындағы үздік еңбегі үшін, екіншісі ағартушылық, мәдени-гуманитарлық және әлеуметтік салаларды дамытуға үлес қосқандарға беріледі.

Сондай-ақ «Шәмші Қалдаяқов» медалі енгізілді. Ол музыка және ән өнерін дамытуға үлес қосқан композиторларға, дирижерлерге, орындаушыларға және басқа да өнер өкілдеріне табысталады.

Бұдан бөлек, Қазақстанда 16 құрметті атақ белгіленді. Олардың қатарында «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы», «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері», «Қазақстанның халық әртісі», «Қазақстанның халық жазушысы» және «Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі» атақтары бар.

Заңда кейбір құрметті атақ иелеріне берілетін біржолғы төлемдер мен әлеуметтік кепілдіктер де нақтыланды. Атап айтқанда, еңбек сіңірген ұстаздар мен дәрігерлерге заңнамада белгіленген мөлшерде біржолғы төлем қарастырылған.

Сонымен қатар жоғары дәрежелі ерекшелік белгілері мен бірқатар орден иегерлері туралы мәлімет Қазақстан Республикасының Даңқ кітабына енгізіледі.

Заң қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда Жасанды интеллект министрлігі құрылды: Тоқаев жарлыққа қол қойды

Қазақтың 40 ою-өрнегі және олардың мағынасы

Қазақстанда смартфондарды верификациялау жүйесі мемлекетке өтеді