«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Ақпаратэкономика

Атырауда «ҚазАвтоЖол» еншілес ұйымының бас бухгалтері 35 млн теңгеге жуық қаражатты жымқырғаны үшін сотталды

Атырау қаласында «ҚазАвтоЖол» АҚ-ның еншілес ұйымы – «ҚАЖсервис» ЖШС филиалының бас бухгалтеріне қатысты сот үкімі шықты. Ол ұйым қаражатын заңсыз иемденгені үшін бес жылға бас бостандығынан айырылды.

Бас көлік прокуратурасының 2026 жылғы 12 қарашадағы мәліметінше, өңірлік прокуратура қызметкерлері Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен бірлесіп, филиалдан 34,8 млн теңге жымқыру дерегін анықтаған.

Тергеу барысында бас бухгалтердің төлемдерді заңсыз есептеп, ұйымның ақшасын өзінің жеке банктік шотына аударып отырғаны белгілі болған.

Атырау қаласының №2 соты айыпталушыны кінәлі деп танып, бес жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сонымен қатар оған бес жыл мерзімге материалдық жауапкершілікке байланысты лауазымдарды атқаруға тыйым салынды.

Сондай-ақ «ҚАЖсервис» ЖШС-нің келтірілген материалдық залалды өндіру туралы азаматтық талабы толық көлемде қанағаттандырылды.

Айта кетейік, сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайық, бұған дейін Жаңаөзен қаласында 19 жастағы жігіттің жергілікті сауда орталығынан құны 15 млн теңге болатын алтын бұйымдарды ұрлағаны хабарланған еді.

Ұқсас жаңалықтар

Астана полициясы Перизат Қайраттың изолятордағы зорлық-зомбылық туралы ақпаратты теріске шығарды

Ниже 60 долларов: что происходит с ценами на нефть

Ақтөбеде зейнеткер алаяқтарға 1,3 миллион теңге аудармақ болған сәтте құтқарылды

Redaktor Shyn-Ar