«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АймақтарАқпаратТіл

Алматыда Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Қазақ тілінің үздік оқытушысы» қалалық конкурсының жеңімпаздары анықталды

Алматы қаласында қазақ тілін оқытудың озықтәжірибесін насихаттауға, педагогтердің кәсіби шеберлігімен шығармашылық әлеуетін арттыруға бағытталған Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Қазақ тілінің үздік оқытушысы» қалалық конкурсы қорытындыланды.

Конкурс Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасыныңтапсырысы бойынша «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Алматы қалалық филиалыныңұйымдастыруымен өткізілді.

Конкурстың басты мақсаты – қазақ тілін оқыту сапасынжетілдіру, педагогтердің кәсіби біліктілігі мен әдістемелікшеберлігін арттыру, тіл үйретудің инновациялық тәсілдеріннасихаттау, үздік авторлық әзірлемелерді қолдау және қазақтілін өз бетінше үйренушілерге арналған қолжетімдіцифрлық ресурстар қорын толықтыру.

 

Кәсіби додаға жоғары оқу орындарыныңоқытушылары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері, жалпы білім беретін мектепмұғалімдері, сондай-ақ мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының мамандары қатысты.

Конкурс үш кезең бойынша өткізілді. Бірінші кезеңдеқатысушылар қазақ тілін үйретуге арналған қысқабейнероликтер, инфографика, анимация және өзге де шығармашылық форматтағы танымдық материалдарәзірлеп, әлеуметтік желілерде жариялады. Екінші кезеңдеавторлық оқу құралдарын, оқу-әдістемелік кешендерін, әдістемелік нұсқаулықтарын, дидактикалық материалдарынжәне өзге де әдістемелік әзірлемелерін ұсынды. Үшінші, қорытынды кезеңде қатысушылардың кәсіби құзыреттілігі, педагогикалық шеберлігі, шығармашылық ізденісі мен әдістемелік ұстанымдары бағаланды.

Конкурстық жұмыстарды қазақ тілін оқыту әдістемесісаласындағы ғалымдар, білікті әдіскерлер мен тәжірибеліпедагогтерден құралған қазылар алқасы бағалады.

 

Қазылар алқасының құрамында:

Қылышбекова Нұрсәуле Уқанбайқызы – қазыларалқасының төрағасы, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттықорталығы» АҚ «Қоғамдық-гуманитарлық бағыт» кафедрасының аға оқытушысы.

Қазылар алқасының мүшелері:

1.Сейсенбаева Жанар Айтбергенқызы – филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, «Elite School KZ» мектебінің құрылтайшысы;

2.Көшекова Айнұр Арғынтайқызы – Қазақ ұлттыққыздар педагогикалық университетінің профессоры міндетін атқарушы, филология ғылымдарының кандидаты;

3. Каримова Тамара Сатымханқызы– Алматы облысыорталық әмбебап кітапханасы, бөлім меңгерушісі

4.Құрманғали Анар Керімбайқызы – №156 жалпыбілім беретін мектеп директорының оқу ісі жөніндегіорынбасары, педагогика ғылымдарының магистрі.

Қазылар алқасы конкурстық жұмыстардың ғылыми-әдістемелік негізділігіне, авторлық ерекшелігіне, шығармашылық жаңашылдығына, тілдік сауаттылығына, практикалық маңыздылығына және оқу үдерісінде қолданутиімділігіне ерекше назар аударды.

Конкурс қорытындысы бойынша төмендегіқатысушылар жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанды:

Бас жүлде (300 000 теңге) – Қаршығаева АйнұрАралбекқызы, «Тұран» университетінің профессоры, ф.ғ.к.

І орын (200 000 теңге) – Айзат Ракышева Сериковна, №156 жалпы білім беретін мектептің мұғалімі;

ІІ орын (150 000 теңге) – Токтыманова Галия Мухтаровна, «Мұхамеджан Тынышбаев ат. ALT Университеті» АҚ сениор-лекторы;

ІІІ орын (100 000 теңге) – Мәжит Нұртуған, №224 «Келешек» мектебінің мұғалімі.

 

Арнайы сыйлық иегерлері (әрқайсысына 75 000 теңгеден):

— Жұбатқанқызы Гүлфариза – Алматы қаласы Бостандықауданындағы №183 жалпы білім беретін мектептің мұғалімі;
— Мамырбаева Манар Жамбуловна — Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, 229 жалпы білім беретін мектептің мұғалімі;

Ынталандыру сыйлықтарының иегерлері(әрқайсысына 50 000 теңгеден):

— Махамбетов Канабек Мамаевич – Алматы облысыТалғар ауданы Қызыл Ту ауылындағы №24 жалпы білімберетін орта мектептің мұғалімі;
— Джарилкапов Алишер Казбекович – Алматы қаласыБостандық ауданындағы №183 жалпы білім беретінмектептің мұғалімі.

 

Конкурстың жалпы жүлде қоры 1 000 000 теңгеніқұрайды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайыдипломдармен, алғыс хаттармен және ақшалайсыйлықтармен марапатталады. Барлық қатысушыларғасертификаттар табысталады.

Конкурс аясында ұсынылған үздік авторлықжұмыстарды, оқу-әдістемелік әзірлемелерді және тілүйретудің тиімді әдіс-тәсілдерін кеңінен насихаттау, жариялау, сондай-ақ «Almaty til» порталының цифрлықресурстар қорын толықтыру көзделіп отыр.

Ахмет Байтұрсынұлының ағартушылық және ғылыми-әдістемелік мұрасын жалғастыруға бағытталған бұл конкурс педагогтердің кәсіби тәжірибе алмасуына, шығармашылықбастамаларын қолдауға, қазақ тілі оқытушыларыныңқоғамдағы мәртебесі мен кәсіби беделін арттыруғамүмкіндік беретін маңызды алаң болып табылады.

Аталған бастама мемлекеттік тілдің қолданыс аясынкеңейтуге, қазақ тілін оқытудың сапасын арттыруға, тілүйретудің заманауи әдістемелік қорын қалыптастыруға жәнеүздік педагогикалық тәжірибені кеңінен таратуға ықпалетеді.

Конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлерінсалтанатты марапаттау рәсімі 2026 жылғы 9 желтоқсанда Алматы қаласы, Төле би көшесі, 86 мекенжайында өтеді.

 

«Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдықбірлестігінің

Алматы қалалық филиалы

Ұқсас жаңалықтар

Өзбекстанда кітап оқыған тұтқынның жаза мерзімі қысқаруы мүмкін

«Қазақстан» РТРК-ның жаңа Басқарма төрағасы тағайындалды

Amanat депутаты 140 тендерді иеленген фирманың құрылтайшысы болып шықты