«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Әлеумет

Жеңістің 80 жылдығына орай ардагерлерге 5 млн теңге мөлшерінде біржолғы төлем қарастырылды

Тағы бір өңірдің қариялары 5 млн теңгеден алатын болды
көрнекі сурет

Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының мәліметінше, облыста 9 Екінші дүниежүзілік соғысының ардагері бар.

Биыл Жеңістің 80 жылдығына орай оларға 5 млн теңге мөлшерінде біржолғы төлем қарастырылған. Бұған дейін бұл сома 1,5 млн теңге болған. Сондай-ақ ардагерлерге ай сайын 19 660 теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек беріледі, — деп жауап берді әкім аппараты редакциямыздың ресми сауалына.

Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне теңестірілгендерге көмек:
• Ленинград қоршауында болғандар, ерікті жалдамалылар, фашистік лагерь тұтқындары (жалпы 6 адам) – 120 мың теңге және ай сайын 19 660 теңге.
• Қайтыс болған ардагерлердің жұбайлары (124 адам) – 50 мың теңге.
• Тыл еңбеккерлері (2 076 адам) – 50 мың теңге.

Бұған дейін Ақмола, Түркістан және Маңғыстау облысының ардагерлері Жеңістің 80 жылдығына орай 5 млн теңгеден төлем алатынын жаздық.

Еске сала кетсек, 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда 85 203 ардагер тұрады. Олардың ішінде 1941-1945 жылдардағы соғысқа қатысқан ардагерлердің саны 120 адам.

 

Ұқсас жаңалықтар

«Қызғаныштан көзім қарауытып кетті»: Әкім орынбасарына шабуыл жасаған ер адамның соттағы мәлімдемесі

Redaktor Shyn-Ar

Алматыда «Car City» сауда орнында жүргізілген рейдте 40-тан астам адам ұсталды

Шымкентте миллиондаған қаржыға отырғызылған ағаштар қурап жатыр