«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Ақпарат

Абай облысының әкімі Берік Уәли сынға қалған орынбасарын қызметінен алып тастады

Абай облысының әкімі Берік Уәли сынға қалған орынбасарын қызметінен алып тастады
ашық дереккөзден

Абай облысының әкімі Берік Уәли премьер-министр Олжас Бектеновтың өңір басшылығын өрт сөндіру алгоритмін орындамады деп сынағаннан кейін Абай облысы әкімінің орынбасары Дмитрий Гариковті қызметінен босатты.

«Абай облысы әкімінің орынбасары Дмитрий Александрович Гариков қызметінен босатылғанын хабарлаймыз. Өңір басшылығының орман өрттеріне уақтылы әрекет етпегені үшін кеше премьер-министр тарапынан айтылған сыннан кейін осы шешім қабылданды», – делінген хабарламада.

Мәліметке сәйкес Гариков бұған дейін Курчатов қаласының әкімі, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы қызметтерін атқарған. Сонымен қатар ол екі рет Семей әкімінің орынбасары болған.

2022 жылдың қазан айынан бастап Абай облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

«Өз кезегінде, өңір әкімдігі Гариковты жылыту және су тасқыны кезеңі аяқталғаннан кейін қызметінен босатқанын атап өтті. Сонымен бірге Абай облысын қалпына келтіру кезеңіндегі еңбегі үшін алғыс білдірді», – делінген әкімдік хабарламасында.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қарияны ұрған балалар үшін мұғалімдері жауапқа тартылады

Тоқаев экономика туралы: Салымыз суға кететіндей күйде емеспіз

shyn_ar_admin

Ұлыбритания бейбітшілікті сақтау үшін Украинаға әскер жібермек

Пікір жазу