«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратӘлеуметҚоғам

Құлсарыдағы трагедия: белгісіз ер адаммен кеткен қыз өлі табылды

Құлсарыда 5 маусым күні жоғалып кеткен 8 жастағы қыздың мәйіті 6 маусымға қараған түні Құрсай өзенінен табылды.

Атырау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бұл оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ сот-медициналық сараптама да тағайындалды.

“Бейнебақылау камерасына қыздың Кұрсай өзенінің жағасында белгісіз ер адаммен кетіп бара жатқан сәті түсіп қалған. Полиция күдіктінің жеке басын анықтады. Құқық қорғау органдары бұл ер адамды таныған немесе қандай да бір мәліметі бар азаматтарды дереу хабарласуға шақырды”, – делінген хабарламада.

Әлеуметтік желілерде Құлсары тұрғынына іздеу жарияланғаны туралы ақпарат тарап жатыр. Алайда бұл деректің бала өлімімен нақты байланысы әзірге анықталған жоқ. Полиция департаменті расталмаған ақпарат пен қауесетті таратпауға шақырды.

Айта кетейік, 5 маусым күні шамамен сағат 12:00-де Кульсары қаласында 2018 жылы туған кәмелетке толмаған қыз бала үйінен шығып, қайта оралмаған.

Сағат 21:28-де оның ата-анасы полицияға жүгінген.

Ұқсас жаңалықтар

Тоқаев: «Тарихты білу – ұлт болашағына деген жауапкершілік»

Трамп Зеленскийді «диктатор» деп атаған сөздерінен бас тартты

Бесқонақ жайлы білесіз бе?

Redaktor Shyn-Ar

Пікір жазу