«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Басты ақпаратҚоғамҚұқықСот

Шерзат Полат ісі бойынша сотталған Равиль Сакиевтің анасына балағат сөз айтқаны үшін айыппұл салынды

Шерзат Полат ісі бойынша сотталған Равиль Сакиевтің анасына балағат сөз айтқаны үшін айыппұл салынды.

Жетісу облыстық сотында Шерзат Полаттың өліміне қатысты істің үкімі оқылды. Аталмыш іс бойынша 20 жылға бас бостандығынан айырылған Равиль Сакиевтің анасы үкім оқылғаннан кейін зот залында шу шығарған.

Полиция сотталушының анасы Баян Сармановаға дөрекі сөздер айтып, тәртіп бұзғаны үшін айыппұл салды.

«Полиция департаменті әділдікке қысым көрсетуге жол жоқ екеніне баса назар аударады. Жағдайды тұрақсыздандыруға, сот шешімдерінің орындалуына кедергі жасауға немесе сотқа құрметсіздік білдіруге бағытталған кез келген әрекет заң шеңберінде қатаң тоқтатылады. Жазаның орындалмауы мүмкін емес деген қағида бұзылмайды», – делінген Жетісу облыстық полиция департаментінің хабарламасында.

Ұқсас жаңалықтар

Жазушы Дулат Исабеков өмірден өтті

Redaktor Shyn-Ar

Жазғы бағыттар: Қазақстанда қосымша пойыздар іске қосылады

Redaktor Shyn-Ar

Ғашықтар күні неге 15 сәуірде атап өтіледі?

Redaktor Shyn-Ar

Пікір жазу