«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратСаясат

Абылай Мырзахметов өзін мерзімінен бұрын босатуды сұрады

Абылай Мырзахметов өзін мерзімінен бұрын босатуды сұрады
фото: ашық дереккөзден

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды сұрап, өтініш берді. Бұл туралы 2025 жылдың 2 мамырында Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

— Бұл өтініш әлі қаралған жоқ, — деп мәлімдеді сот өкілі.

Қазіргі уақытта Мырзахметов Павлодар облысындағы №46 түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатыр. 2024 жылдың мамыр айында ол аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Сот үкімі күшіне енген соң, жазасын өтеу үшін Павлодар облысын

Абылай Мырзахметов 2013 жылдан бастап 2022 жылдың ақпанына дейін «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы қызметін атқарды. Бұған дейін 2002 жылы ол көлік және коммуникациялар министрі қызметін де атқарған. Алайда 2003 жылы сыбайлас жемқорлыққа қатысты күдікке ілініп, шартты түрде 5 жылға сотталған еді.

Ұқсас жаңалықтар

Балабақшалардың қызметі 2027 жылдан бастап лицензияланады

shyn_ar_admin

Яндекс.Таксилерге бағаны шарықтатуға шектеу қойылды

Redaktor Shyn-Ar

Сара Назарбаева ауыр хәлде жатыр – дереккөз

Пікір жазу