Алматы қаласында үшінші метро желісін салу жоспарланып отыр. Жаңа бағыт Алатау қаласынан басталып, Мизам базары арқылы қазіргі қолданыстағы Сайран бекетіне дейін созылады. Жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін (ТЭН) дайындауға қатысты екі хабарландыру мемлекеттік сатып алулар сайтында жарияланды.
Құрылыс екі кезең бойынша жүзеге асады:
-
Бірінші учаске: Алатау қаласынан Мизам базарына дейін;
-
Екінші учаске: Мизам базарынан Сайран станциясына дейін.
Жобаның тапсырыс берушісі – Алматы қалалық мобильділік басқармасы. Метро желісін жобалау жұмыстары Алматы қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 18 сәуірдегі қаулысына сәйкес бастау алған.
Қаржыландыру көлемі:
-
Бірінші учаске бойынша жобалық құжаттама дайындауға – 1,3 миллиард теңге (1 351 054 778 теңге);
-
Екінші учаске бойынша – 896 миллион теңге (896 459 961 теңге) бөлінді.
Екі жоба бойынша да ашық тендерлер 2025 жылдың 11-18 маусым аралығында өтеді, ал жұмыстарды аяқтау мерзімі – 2026 жылдың 31 мамыры.
Алатау қаласынан Мизам базарына дейінгі 7 бекет:
-
Gate City маңында, «Северный» көлік торабы аумағында;
-
«Кемел» шағын ауданы жанында;
-
Солтүстік айналма жолы мен Боралдай көшесінің қиылысында;
-
Солтүстік айналма жол мен Сауда көшесінің қиылысында;
-
Солтүстік айналма жол бойында, әскери бөлім маңында;
-
Кенжехан базарының қасында;
-
Мизам базары аумағында.
Сондай-ақ, «Северный» көлік торабының солтүстігінде орналасатын электр қоймасына желі тарту да көзделіп отыр.
Мизам базарынан Сайран станциясына дейінгі 5 бекет:
-
Солтүстік айналма жол бойында, Ялян базары аумағында;
-
«Адем» сауда үйі маңында;
-
Райымбек даңғылы мен Тілендиев көшесінің қиылысында;
-
Төле би мен Тілендиев көшелерінің қиылысында;
-
Абай даңғылы мен Тілендиев көшесінің қиылысында (бірінші желімен қиылысу нүктесі).
Жобада қарастырылған маңызды талаптар:
-
Құрылыс алаңдарын анықтау;
-
Жолаушылар ағынын болжау;
-
Отандық құрылыс материалдарын пайдалану;
-
Сәулеттік шешімдер әзірлеу;
-
Қоршаған ортаны қорғау шаралары;
-
Мүгедектігі бар жандарға қолжетімділік қамтамасыз ету.
Айта кетейік, 2021 жылдың қарашасында Алматы метросының бағыты «Алтын Орда» базары маңынан «Барлық» базарына дейін ұзартылатыны хабарланған болатын.