«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АймақтарАқпарат

Алматыда бір түнде 17 жол апаты тіркелді: 6 адам жарақат алды

Алматыда бір түнде қар жауып, сағат 18:00-ден таңғы 06:00-ге дейін 17 жол апаты тіркелді. Полицейлердің мәліметінше, қаза тапқандар жоқ, бірақ 6 адам жарақат алған.

Полиция жол апаттарының көбін жүргізушілердің жылдамдықты шектемеуі мен қауіпсіз қашықтықты сақтамауы салдарынан болғанын атап өтті.

«Барлық жүргізушілерге сақ болуды, жылдамдықты азайтуды және кенет маневрлерден аулақ болуды ұсынамыз», – деді Алматы қаласы ПД Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаев.

Сондай-ақ тәртіп сақшылары көлікті қысқы маусымға алдын ала дайындау, жазғы дөңгелектерді қысқыға ауыстыру маңызды екенін еске салды.

Жаяу жүргіншілерге де жолдан өтерде абай болуды, жарық шағылыстырғыш элементтерді пайдалануды және жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтпеуді ескертті.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанға Ресейден бұрын такси ретінде пайдаланылған арзан көліктер жаппай әкелінуі мүмкін — сарапшылар

СҚО-да қытайлық зауытта жарылыс болды: жұмысшылар мен құтқарушылар зардап шекті

Тоқаев жаңа заңға қол қойды