«Шын-Ар» ақпараттық порталы
ӘлеуметБасты ақпарат

Ақын Мұхтар Шахановтың ұлы Қуаныш Мұхтарұлы дүниеден озды

Қазақстанның халық жазушысы, ақын Мұхтар Шахановтың ұлы Қуаныш Мұхтарұлы ұзаққа созылған ауыр науқастан кейін дүниеден өтті. Қаралы хабарды жазушы Құдияр Біләл өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

“Суыт хабар. Мұхтар Шаханов ағамыздың ұлы Қуаныш Мұхтарұлы ұзаққа созылған ауыр науқастан кейін дүниеден озды. Иманы саламат болсын!”, – деп жазды Құдияр Біләл.

Әлеуметтік желі қолданушылары ақынға көңіл айтып, отбасы мен жақындарына қайғырып, сабыр тілеуде.

Еске сала кетсек, 2021 жылы Мұхтар Шахановтың тағы бір ұлы — Рауан Шаханов өмірден өткен болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Басы дауға қалған Көкшетау әкімінің 26 жастағы көмекшісі өз еркімен жұмыстан кетті

Қазақстанда жәрдемақы тағайындау тәртібі өзгереді: бірінші кезекте кімдер тексеріледі?

Shymbulak оразада қонақтарға арнайы жағдай жасады