«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Ақпарат

Алматыда «Перзент» қайырымдылық балалар үйінде өрт шықты

Алматының Наурызбай ауданында орналасқан «Перзент» қайырымдылық балалар үйінің ғимаратында өрт шықты. Оқиға 9 қараша күні болған. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, өрт сөндірушілер Алтын орда көшесіндегі ғимаратта шыққан жалынды сөндіру жұмыстарын жүргізген. Алдын ала болжам бойынша, өрт асхана бөлмесінде басталған.

Балалар үйінің басшылығының айтуынша, оқиға кезінде ғимаратта адамдар болмаған. Барлық 35 тәрбиеленуші мен қызметкерлер дер кезінде эвакуацияланып, қауіпсіз жерге шығарылған.

“Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Өрт сөндіру қызметі жоғары дайындық режимінде жұмыс істеп жатыр. Өрттің таралу қаупі жойылды, ошақ оқшауланды. Балалар қауіпсіз орындарға орналастырылды, оларға барлық қажетті көмек көрсетіліп жатыр,” – делінген ТЖМ хабарламасында.

Оқиға орнына Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды және қалалық құрылымдық бөлімдердің басшылары келді. Қазіргі уақытта балаларды уақытша орналастыру, тамақтандыру және материалдық қолдау шаралары қамтамасыз етілуде.

Ұқсас жаңалықтар

Премьер-министр бензиннің заңсыз экспортын бақылауды тапсырды

Автора паблика Qaznews24 Темирлана Енсебека приговорили к 5 годам ограничения свободы

Ұлттық банк қызметкерлеріне заңсыз төленген сыйақы дау тудырды: төраға орынбасарына айыппұл салынды