Қазақстан азаматтарына Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (БЖЗҚ) зейнетақы жинақтарын пайдалану мүмкіндіктерін кеңейту ұсынылуы мүмкін.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі 21 қарашаға дейін «Ашық НҚА» порталында талқылауға ұсынылатын бұйрық жобасын әзірледі.
Бұйрық жобасында зейнетақы жинақтарын пайдалану мүмкіндіктерін кеңейту қарастырылған. Атап айтқанда, азаматтарға БЖЗҚ қаражаттарын келесі мақсаттарда жұмсауға рұқсат беру ұсынылады:
-
Ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша негізгі қарызды өтеу;
-
Ай сайынғы төлемді азайту;
-
Несие мерзімін қысқарту.
Құжатта көрсетілгендей, ұсынылатын жаңартулар Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексінің редакциясымен байланысты. Оған сәйкес, Қазақстан резиденттері Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан алынатын зейнетақы төлемдері бойынша жеке табыс салығынан босатылады.
Қағидалар жеке тұлғаларға – ҚР резиденттеріне – БЖЗҚ-дан біржолғы зейнетақы төлемдерін тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында тиімді пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етуді көздейді. Бұл ретте қаражатты негізгі қарызды өтеу, ай сайынғы төлемді азайту немесе ипотекалық тұрғын үй қарызының мерзімін қысқарту үшін қолдануға болады.
Министрлік атап өткендей, өзгерістердің басты мақсаты – біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану процесін тиімді әрі ыңғайлы ету және азаматтарға қолданыстағы заңнаманың шеңберінде тұрғын үй жағдайларын жақсартуға қосымша мүмкіндіктер ұсыну.
