«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АймақтарАқпаратҚоғам

Алматыдағы өрт: балаларға қауіпсіз орын және психологиялық көмек ұйымдастырылды

Screenshot

Алматыдағы өрттен зардап шеккен балалар үйінің тәрбиеленушілеріне қатысты Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті пікір білдірді. Аталған балалар үйі – жеке қайырымдылық ұйымы, қазіргі уақытта онда 35 бала тәрбиеленіп жатыр. Барлық балалардың жағдайы жақсы, олар қауіпсіз жерде орналастырылған.

Жағдайды үйлестіру мақсатында жедел штаб құрылды. Оның құрамына қала әкімдігінің өкілдері, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның хатшысы, қоғамдық кеңес пен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ қорғаншылық органдары, Отбасыны қолдау орталығы және Психологиялық қолдау орталықтарының мамандары кірді.

Дәрігерлер балаларды толық тексеруден өткізіп, психологиялық көмек көрсетті. Сонымен қатар, балаларға қашықтан оқу ұйымдастырылды.

Қазіргі уақытта балаларды одан әрі орналастыру мәселесі қарастырылуда. Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті балаларға қатысты барлық мәселе толық шешілгенге дейін жағдайды жіті бақылауда ұстайды.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы қаласында өрт сөндірушілер Наурызбай ауданы, Алтын Орда көшесі бойында орналасқан балалар үйінде өрт шыққанын хабарлаған болатын. 35 тәрбиеленуші мен қызметкерлер уақытша сауықтыру санаторийіне орналастырылған еді.

Ұқсас жаңалықтар

Мадридский “Реал“ летит в Казахстан: матч с “Кайратом“

Дамир Оразбаев

Аида Балаева: Жаңа Конституция жобасы цифрлық кеңістіктегі құқықтарды қорғауды күшейтеді

Елімізде екі жоғары оқу орнының атауы өзгерді

Redaktor Shyn-Ar