«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратҚоғам

Алматыда тұрғын үйдің жертөлесінен полиэтилен пакетке оралған ер адамның мәйіті табылды

Алматы қаласының Түрксіб ауданындағы тұрғын үйлердің бірінің жертөлесінен полиэтилен пакетке оралған ер адамның мәйіті табылды.

Полицияның алдын ала мәліметінше, марқұм үйлер мен пәтерлерге жөндеу жұмыстарын жүргізумен айналысқан. Қайғылы оқиға болған күні ол аталған үйде жұмыс істеп жүрген.

Тергеу барысында үй иесі ұсталды. Оның айтуынша, ер адам белгісіз жағдайда өлімге әкелетін жарақат алған. Алайда ол бұл туралы құқық қорғау органдарына немесе жедел қызметтерге хабарламай, мәйітті жертөледе жасырып қойған.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта өлімнің нақты себебін анықтау үшін сот-медициналық және өзге де қажетті сараптамалар тағайындалды.

Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысында қараусыз қалған ғимараттан ер адамның мәйіті табылып, аталған қылмысқа күдікті ретінде 9-сынып оқушысы ұсталған болатын.

Ұқсас жаңалықтар

«Әуежайдың қауіпсіздік қызметі жауапкершілікке тартылады»: ІІМ Алматыда қызметкерді кепілге алған күдіктіге қатысты пікір білдірді

Мемлекеттік шығындар қысқарады: Қай салалар үнемдеуге түседі?

NARXOZ University: Сенатор Жанна Асановамен билік тармақтары жайлы ашық кездесу

Redaktor Shyn-Ar