«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратСаясат

Депутаттардың тендерлерге қатысуына тыйым салу мәселесі қоғамда талқылануда

Қазақстандықтар депутаттарға тендерлерге қатысуға тыйым салуды талап етіп отыр
көрнекі сурет

Қазақстанда мәслихат депутаттары мен олардың туыстарына мемлекеттік тендерлерге қатысуға тыйым салуды талап еткен петиция жарияланды

Қазақстан азаматтары мәслихат депутаттары мен олардың жақын туыстарына мемлекеттік сатып алуларға қатысуға заң жүзінде тыйым салуды талап етуде. Бұл бастама қоғамда мүдделер қақтығысын болдырмау қажеттілігіне байланысты туындап отыр.

Петиция авторларының айтуынша, қазіргі заңнамада мәслихат депутаттарының мемлекеттік сатып алуға қатысуына шектеу жоқ. Ал мәслихаттар жергілікті бюджетті бекітіп, оның орындалуын бақылауға құқылы болғандықтан, мұндай рұқсат сыбайлас жемқорлық қаупін арттырады.

“Біз, Қазақстан Республикасының азаматтары, мәслихат депутаттары мен олардың жақын туыстарының мемлекеттік сатып алуларға қатысуы кезінде туындайтын мүдделер қақтығысы қаупіне алаңдаулымыз. Мәслихаттар – жергілікті өкілді органдар ретінде бюджеттерді бекіту мен олардың орындалуын бақылауда маңызды рөл атқарады. Ал депутаттар мен олардың туыстары осы бюджет есебінен қаржыландырылатын тендерлерге қатысса, бұл жемқорлыққа жол ашып, мемлекеттік институттарға деген сенімді төмендетеді”, – делінген петиция мәтінінде.

Петиция авторлары заңнамаға келесі өзгерістерді енгізуді ұсынады:

  • Мәслихат депутаттары мен олардың жақын туыстарына мемлекеттік сатып алуға қатысуға заңмен тыйым салу;

  • «Жақын туыс» ұғымын нақтылау;

  • Мүдделерді декларациялау талаптарын енгізу;

  • Арнайы бақылаушы орган құру.

Бұл бастама қоғамда ашықтықты арттыру және мемлекеттік басқаруға деген сенімді нығайтуға бағытталған.

Ұқсас жаңалықтар

Астанада «Сергек» камераларының жұмысы тоқтайтын болды

Redaktor Shyn-Ar

«Құдайы аста ысырапқа жол бермеу» құжаты қабылданды

Redaktor Shyn-Ar

«Балаларыммен аулада жүрмін»: Экс-министр Жақсылықов өзінің қамауға алынғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

Redaktor Shyn-Ar

Пікір жазу