«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АймақтарАқпаратӘлеумет

Қазақстандықтар пәтер сатып алуды азайтты: сұраныс шамамен 50%-ға төмендеді

[ File # csp2871160, License # 2360003 ] Licensed through http://www.canstockphoto.com in accordance with the End User License Agreement (http://www.canstockphoto.com/legal.php) (c) Can Stock Photo Inc. / AlexKalina

Қазақстанда жыл басында тұрғын үй нарығында сұраныс күрт төмендеп, сатып алу-сату мәмілелерінің саны шамамен екі есеге азайды. Сарапшылар бұл құбылысты желтоқсандағы жоғары сатылым көрсеткішімен және жаңа ипотекалық бағдарламаларды күтуімен байланыстырады.

Жылжымайтын мүлік порталдарының мәліметінше, мұндай төмен көрсеткіш соңғы рет 2025 жылдың наурыз айында тіркелген. Сарапшылардың айтуынша, 2025 жылдың желтоқсанында нарық шамадан тыс «қызып», 53,1 мың мәміле жасалған. Бұл – соңғы үш жылдағы ең жоғары көрсеткіш.

Мамандардың пікірінше, заңнама, салық және ипотекалық бағдарламаларға өзгеріс енгізілуі мүмкін деген болжамдар сатып алушыларды желтоқсанда шешім қабылдауға итермелеген. Әсіресе, жаңа тұрғын үйлерге деген сұраныстың бір бөлігі алдын ала жүзеге асқан.

Қаңтар айында мәмілелер саны 27,7 мыңға дейін төмендеп, нарық қалыпты деңгейіне оралды. Сарапшылар айына 25–40 мың мәміле жасалса, бұл қалыпты көрсеткіш екенін айтады. Ал желтоқсандағы өсім бір реттік сипатта болған. Қазіргі таңда сатып алушылар күту режимінде: олар көктемгі маусымды және жаңа ипотекалық бағдарламаларды бақылап отыр.

Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика бюросы деректеріне сәйкес, қаңтар айында сұраныс барлық өңірде төмендеген. Ең үлкен құлдырау Павлодар облысы (–68,1%), Абай облысы (–64%) және Солтүстік Қазақстан облысы (–57,3%) өңірлерінде байқалды.

Желтоқсанмен салыстырғанда пәтерлерге сұраныс 47%-ға, жеке тұрғын үйлерге 50%-ға азайған. Дәстүрлі түрде ең көп сатылған тұрғын үй түрі – бір бөлмелі пәтерлер.

Тұрғын үй ең көп сатып алынған қалалар – Астана мен Алматы. Өңірлер арасында Қарағанды облысы көш бастап тұр. Ал ең аз мәміле Ұлытау облысы тіркелген – мұнда небәрі 283 тұрғын үй сатылған.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда тұрғын үй бағасы соңғы жылдары инфляция мен құрылыс шығындарының өсуі әсерінен тұрақты түрде қымбаттап келе жатқаны хабарланған еді. Сарапшылардың болжамынша, 2025 жылы ірі қалаларда сұраныс сақталғанымен, 2026 жылдан бастап 16% қосымша құн салығы мен жоғары базалық мөлшерлеме нарыққа қосымша қысым түсіруі мүмкін.

Ұқсас жаңалықтар

Серік Жұманғарин отбасының 2024 жылғы табысы 88,6 млн теңгені құрады

Дүкенде 10 мың теңгелік ескі купюралар қабылданбаса не істеу керек? Ұлттық банктің жауабы

Redaktor Shyn-Ar

Атырауда балабақшада бүлдіршіннің қолы сынып, миы шайқалған: Ата-анасы кінәлілердің жазалануын талап етеді

Redaktor Shyn-Ar